Берлібеков: Қазір Ақмола облысы бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты

13 Наурыз 2023, 12:43
725
Бөлісу:
Берлібеков: Қазір Ақмола облысы бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты
Фото: Ақмола облысы ТЖ департаменті

Ақмола облысы ТЖ департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Еркен Берлібеков 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қазір облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдайдың тұрақты екені белгілі болды. Су объектілерінде тұрақты мұз жамылғысы бар. Өзендер қысқы режимде. Облыстық инженерлік қорғау жоспарының жыл сайын орындалуы 128 елді мекеннің 113-ін су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді (су тасқыны қаупінің ықтимал қаупі бар). 

Берлібеков: Қазір Ақмола облысы бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты

Еркен Берлібековтің сөзінше, өткен жылдың жазғы кезеңінде 65 елді мекенде (15 аудан, 3 қала) су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді.

Биылғы жылдың 10 наурызынан бастап мердігерлік ұйымдар 10 ауданда 20 мың м2 астам алаңда мұзды әлсірету бойынша 15 өзен учаскелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізе бастады. 869 мың м3 астам қар шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық. Өңірлерде 315 тонна ЖЖМ, 17 мың тонна инертті материалдар, 91 мың қап дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ол.

Көктемгі кезеңдегі ТЖ жою мақсатында 2524 адам, 1124 бірлік арнайы техника, 258 мотопомпалар және 48 бірлік жүзу құралдары, азаматтық қорғау органдары мен құралымдарының күштері мен құралдары толық дайындыққа келтірілді. Оның ішінде ЖАО саны 2122 адам, 1051 бірлік техника (инженерлік – 363 бірлік, қосалқы-250 бірлік, айдау-125 бірлік, эвакуациялық – 313 бірлік), 174 мотопомпалар, 38 жүзу құралдары. 

Берлібеков: Қазір Ақмола облысы бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты

Ведомство басшысының сөзінше, ТЖ Департаментінде 402 адам, 73 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 84 мотопомпалар, оның ішінде су тасқыны қаупі бар аудандарға көшпелі топтар: 117 адам, 29 бірлік техника, 8 бірлік мотопомпалар, 11 тасымалданатын мотопомпалар бар.

Қосымша 5510 әскери бөлімінен 60 адам, 4 бірлік техника күштері мен құралдарды топтастыру көзделген. Сондай-ақ ТЖМ бұйрығына сәйкес, АҚА базасында ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин академияның 11 қызметкерінен және күндізгі оқу факультетінің 50 курсантынан, 5 бірлік техникадан тұратын ТЖ жою үшін жиынтық жасақ құрылды. Көкшетау қаласының әуежайында ұшуға тұрақты дайындық режимінде «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-171 up-MI705 тікұшағы орналасқан, - деді Берлібеков.

Берлібеков  су тасқыны жағдайы қиындаған жағдайда ТЖД күштері мен құралдарын облыстың басқа өңірлерінен әкелу жоспарда екендігін  атап өтті. Басқа аймақтардан күштер топтары құралған. Департаменттің күштері мен құралдары көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын.

Өзгелердің жаңалығы