Берік Әбдіғалиұлы: Эрмитаждағы құнды жәдігерлерімізді елге қайтаратын уақыт келді

28 Ақпан 2023, 11:32
1468
Бөлісу:
Берік Әбдіғалиұлы: Эрмитаждағы құнды жәдігерлерімізді елге қайтаратын уақыт келді
VIDEO
Фото: kuda-spb.ru

Бұл туралы «Ұлытау облысының рухани дамуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бір кезде еліміздің тарихи орындарын түгендеу үшін тер төккен қазіргі әкім енді шеттегі тарихи жәдігерлердің елге оралуына қатысты өз ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, ұлттық руханиятымыздың бесігі, ұлт ұясы атанған Ұлытау өңірі өте қасиетті жер, бұл мекен ашық аспан астындағы мұражай іспеттес.

«Азияның арыстаны» болған Ақсақ Темірдің де Ұлытауға ат басын бұрып, тасқа қашап жазу қалдырып, құлпытас орнатуы осы жердің қасиетін одан әрі асқақтата түсті, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Берік Әбдіғалиұлының ойынша, бүгінде Эрмитажда тұрған осы тасты елге қайтару бағытында жұмыс жасау маңызды.

Біз өз тарихымызды бағалап, өз жеріміздегі құнды жәдігерлерімізді түгендеуіміз тиіс. Бүгінде Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінде тұрған Тайқазанымызды елге әкелген едік. Дәл осылай Эртимажда тұрған тасты қайтаруды қолға алуымыз керек,- деп түйіндеді сөзін Берік Әбдіғалиұлы.

Аймақ басшысының пайымдауынша, бұл өз кезегінде, ұлттық күш-қуатымыздың еселенуіне, тарихи әділдік орнатуға өз үлесін қосады.

Өзгелердің жаңалығы