«Берекелі бастау – қалалық бастама»: Қалалар қандай принцип бойынша таңдалады?

8 Сәуір 2022, 12:29
2217
Бөлісу:
«Берекелі бастау – қалалық бастама»: Қалалар қандай принцип бойынша таңдалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Берекелі бастау – қалалық бастама» бағдарламасында таңдалып алынған қалалар қандай принцип бойынша іріктелген?

Q88 урбанистер Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі Ержігіт Балқыбеков жауап берді.  

Қалаларды таңдау принципі жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің бірлесе таңдаған қалалары болып табылады. Және Шымкент, Тараз және Сәтбаев қалаларын бағдарламаға қосу жоспарланған. Келешекте   бүкіл Қазақстан  қамтимыз деген ойымыз бар, -деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасы туралы талқылауда.

Сондай-ақ Кеңес мүшеісі «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасына алдағы жылдары жаңадан ашылған үш облыс орталықтары таңдалуы мүмкін екенін айтты.

Жаңадан ашылған облыстардың орталықтары алдымен өзінің территориялық әкімшілік аумағын айқындап алуы қажет.Ол жерлердің жергілікті органдары тағайындалуы тиіс. Бұл мәселелері шешілгеннен кейін қала орталықтарының органдарымен бірлесе, ол жерлердің дамуына үлес қосатын боламыз, - деді Ержігіт Балқыбеков. 

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасымен таныстырып кеткен болатын.   
 

Өзгелердің жаңалығы