Бердібек Сапарбаев неден қорқатынын айтты

11 Тамыз 2022, 10:59
1875
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев неден қорқатынын айтты

Көп жылдар мемлекеттік қызметте болған Бердібек Сапарбаев «Желмая» жобасында неден қорқатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғам қайраткері көзіңше мақтап, былай шыққан соң артыңнан даттайтын, сатқындықтан қорқатынын айтады. 

Ең негізгісі кейбір адамдар көзіңше мақтайды, былай шыққан соң артыңнан даттайды. Одан кейін адамдардың маған деген сенімі. Ол мен әкім болайын, басқа болайын. Сол маған деген сенімнен айырылып қалам ба деп қорқамын. Одан кейін балаларды ойлайсың, өмірдің тәттісін де, ащысын да көрдім. Кезінде балам қайтыс болды, сол жағын ойлап, осылардың бәрі аман болса екен деп алаңдайсың,-деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар ол өтірік айтатындар мен жағымпаздардан ұялатынын айтты.

Кездесулер, жиындар болады. Сонда бір жағымпаздар шығып, өтіріктен мақтай бастайды. Содан шынымен ұялып отырамын,-деді ол.

Бес өңірде әкім болған Бердібек Сапарбаев сұхбат барысында базарға соңғы рет қашан барғанын да айтты.

Жас кезімде базарға баратынмын. Қазір азық-түлікке келіншегім барады. Еттің бағасын бәрін сондан сұрап, біліп отырамын. Дегенмен, өңірлерде әкім болып тұрғанымда халыққа қажетті тауарлардың бағасын білу үшін және ондағы санитарлық жағдайды көзіммен көру үшін базарларды аралап тұрдым,-деді Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы