Бердібек Сапарбаев байлығы жайлы айтты

11 Тамыз 2022, 11:25
2500
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев байлығы жайлы айтты

Қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев «Желмая» жобасында байлығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында қоғам қайраткеріне қанша байлығыңыз бар деген сауал қойылды. 

Маған осы сұрақ жиі қойылады. Рухани байлық болады, үлкен байлық болады. Мәселен, Шығыс Қазақстанда басшылықта жүргенімде мейрамхана, тағы басқа ашқан дүнием жоқ. Таза жұмыс істедім. Дегенмен, көре алмайтындар «Сапарбаев бордюрді ауыстырып жатыр, себебі оның Алматыда бордюр салатын зауыты бар» деп айтып жатты. Мұндай сөздер басқа өңірлерде де болды. Мен, шамам келгенше рухани жағынан байлық жасауға тырыстым. Асып кеткен байлығым жоқ. Қазақстан халқының орташа тұратындарымен бірдей тұрып жатырмын,-деді ол.

Сонымен қатар ол билікте болған адамдардың балалары байлыққа, билікке неліктен жақын болады деген сауалға жауап берді.

Енді бірінің әкесі бастық, бірінің әкесі кәсіпкер болады. Бала соны көріп өседі. Одан кейін әкесінен көп мұра қалады ғой. Зауыты бар, жері бар басқасы бар дегендей. Сондықтан баласы соған еліктейді,-деді Сапарбаев.

Қоғам қайраткері сөз арасында баласының қызыл феррариі бар екен деген сөзге қатысты түсінік берді. 

Жас балам шетелге барған кезінде сол көлікке отырып суретке түскен ғой, кейін соны көпшілік жазды. Егер оның феррариі болса қаланың ішінде теуіп жүрер еді ғой. Көп ақша адамның мақсаты болмау керек. Барлығын адам еңбекпен табу керек,-деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы