Белсенді болыңыз және үмітіңізді үзбеңіз - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид

13 Тамыз 2022, 10:15
853
Бөлісу:
Белсенді болыңыз және үмітіңізді үзбеңіз - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид
PHOTO

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид Назарбаев Университетінің студенттері алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 тамызда НУ президенті Шигео Катсу БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидты қарсы алды. Сапар барысында мәртебелі мейман университетті дамытудың бас жоспарымен танысып, кампусқа қысқаша шолу жасады. Абдулла Шахид мырза Ақылды Жүйелер мен Жасанды Интеллект Институтының зертханасы (ISSAI) мен НУ Энергетикалық ғарыш зертханасын көрді.

Белсенді болыңыз және үмітіңізді үзбеңіз - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид

НУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде БҰҰ БА төрағасы Абдулла Шахид жастар бастамаларын қолдайтынын және саясаткерлерді әрдайым жауапкершілікке шақыратын жастардың тарихынан шабыт алатынын атап өтті.

Ол студенттерге өзінің бастамасы – арнайы жастар стипендиялық бағдарламасы туралы айтып берді. Оның мақсаты – БҰҰ-да өкілдігі аз елдерден келешегі зор 8 жас дипломатты қолдау және оның кеңсесінде жұмыс істеуге шақыру. Сондай-ақ мәртебелі мейман ұйымға жастардың жан-жақты және тиімді қатысуына ықпал ету үшін БҰҰ-ның Жастар кеңсесін құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Абдулла Шахид мырза Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамаларын жүзеге асыруда және көпжақты іс-шараларда әрқашан белсенді серіктес болғанын атап өтті.

Белсенді болыңыз және үмітіңізді үзбеңіз - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид

Соңғы жылдары Қазақстан көпжақты әрекетті нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды қолға алды, бұл оның жаһандық ықпал ету мен қатысуының кең ауқымынан көрінеді.Бұл бастамалар жаһандық бейбітшілік пен диалогты нығайтуға және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Қазақстанның жас ұрпағы осы маңызды істі жалғастыруға дайын деп шын жүректен үміттенемін, - деді Абдулла Шахид мырза.

Өз кезегінде НУ Президенті Шигео Катсу Назарбаев университеті БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі қоғамдастықтың үйлестіруші орталығы болып табылатынын атап өтті.

Сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында студенттер БҰҰ-дың бейбітшілікті сақтаудағы, босқындарға көмек көрсетудегі, тұрақты дамудағы және экологиялық мәселелерді шешудегі рөліне қызығушылық танытты. Абдулла Шахид мырза университеттердің, институттардың және жеке тұлғаның жаһандық мәселелерді шешу ,бейбітшілікті құру үдерісіндегі белсенді рөлін ерекше атап өтті.

Белсенді болыңыз және үмітіңізді үзбеңіз - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид

Сіздер көшбасшы боласыздар, қазірден бастап шешім қабылдайсыздар. Берілмеңдер, үміт үзбеңдер, өз–өздеріңе сеніңдер. Әрқайсыңыз бір нәрсені өзгерте алатындығыңызға сеніңіздер. …Жастар ретінде сізде көп күш пен құмарлық бар. Бұл бүгінгі күні керек нәрсе. Өзіңізге сенуді жалғастырыңыз, - деді Абдулла Шахид сессия соңында.

Абдулла Шахид мырза көрнекті саясаткер және тәжірибелі дипломат ретінде танымал. Ұзақ уақыт Мальдив Республикасының Үкіметі мен заң шығарушы органдарында жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап Абдулла Шахид мырза сыртқы істер министрі болып табылады. Өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 27 сессиясының төрағасы болып сайланды.

Мәртебелі мейман Назарбаев Университетіне сапарының соңында құрметті қонақтар кітабына ізгі тілектерін қалдырып, естелік суретке түсті.

Өзгелердің жаңалығы