Бельгиялық азаматтың "анасы" болуы мүмкін әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты

5 Қаңтар 2024, 13:57
1305
Бөлісу:
Бельгиялық азаматтың "анасы" болуы мүмкін әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

«Жәнібектің анасы болуы мүмкін» деген келіншектің ДНҚ сараптамасын Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы да тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өкінішке қарай, тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты.

«Бармысың, бауырым?» редакциясының зерттеулері нәтижесінде «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы да тексерген еді, бірақ тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты. Келесі апта «Бармысың, бауырым?» редакциясы Арқалыққа жол жүреді. Жаңалық болса, қосымша хабарлаймыз.  Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77713219786, - делінген Қазақ радиосының Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Бельгия азаматы, қазіргі құжаты бойынша аты-жөні – Jani Eddy J Saveliev. Бірақ өзі көпшілікпен Мұрат Савельев деп танысады. «Бармысың, бауырым?» хабарының кейіпкері анасының ыстық алақанын, мейірімді жүзін аңсап келген. Балалық шағы Бельгияда өткен азамат сол арманын арқалап, туған жеріне Испаниядан арнайы келген.

Өзгелердің жаңалығы