Бельгияда жартылай карантин жарияланды

23 Желтоқсан 2021, 10:03
1751
Бөлісу:
Бельгияда жартылай карантин жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл елде коронавирустың омикрон түрі індетті жұқтырғандардың үштен бірінен анықталып отыр, деп жазды Хабар 24. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

Осыған байланысты қаңтардың алғашқы аптасына дейін жартылай карантин жарияланды. Корольдікте желтоқсанның 26-сынан бастап кинотеатр, театр және концерттік залдарды жабу туралы шешім қабылдады. Рождестволық базарлар мен жәрмеңкелердің де жұмысы тоқтатылып, ғимараттардағы мәдени және ойын-сауық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 

Бірақ мейрамхана, бар, шашатараз және сән салондары жаңа шектеулерден босатылған. Мұражайлар мен кітапханалар да жұмысын жалғастыра береді. Футбол ойындары мен өзге де спорттық шаралар жанкүйерлерсіз өтетін болады. 

Біздің мақсат коронавирустың омикрон түрінің таралуына жол бермей, қаңтардың 10-ынан кейін мектептердің қалыпты жұмысқа оралуына жағдай жасау. Мен тұрғындарды мереке алдында тексеріліп, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын, - деді Бельгия премьер-министрі Александр де Кро.
 

Өзгелердің жаңалығы