Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз сұйықтықтан уланған екі адам қайтыс болды, тағы бір адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті BAQ.KZ сауалына жауап жолдап, адамдардың уланғанын растады.
Петропавлда белгісіз сұйықтықтан улану салдарынан болуы мүмкін екі ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаза тапқандардың жасы – 52 және 48-де. Тағы бір зардап шеккен 75 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Қоқыс контейнерінен табылған сұйықтығы бар бөтелке тәркіленді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда оқушылар уланып, тағы үш бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жасар бала қайтыс болды
Алматыда 50-ге жуық оқушы жаппай уланған: Қылмыстық іс қозғалды
Павлодар мектебінде өткір иісі бар таблеткалар табылды: Төрт баланың денсаулығы нашарлады