Белгішені тақпаған кездер де болуы мүмкін. Қиясов алған сөгісі жайында пікір білдірді

21 Сәуір 2021, 18:11
1624
Бөлісу:
Белгішені тақпаған кездер де болуы мүмкін. Қиясов алған сөгісі жайында пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Киясов Nur Otan партиясының төсбелгісін алмағаны үшін жарияланған сөгіс жайында пікір білдірді.

Мүмкін, партия маған бұл шешімді жекелеген эпизодтар бойынша шығарған шығар, мүмкін мен белгішесіз болған да шығармын. Бірақ тұтастай алғанда, өздеріңіз көріп отырғандай, тіркелген ережені ұстануға тырысамын. Белгішені тақпаған кездер де болуы мүмкін, - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында.

Айт кетейік, бүгін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерге Nur Otan партиясының төсбелгісін тақпағаны үшін сөгіс жарияланған болатын. 

Ал брифинг барысында бірқатар мәселе айтылды. Атап айтсақ, ел бойынша «Қызыл» аймақта 10 өңір тұр. Сонымен қатар вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мың адамға артқан. Бұдан бөлек неліктен елорда вакцинация бойынша кестеден қалыс келетіні де анықталды. Сондай-ақ вакцинаның екінші дозасын 60 күннен кейін де алуға болатыны да айтылды.


Өзгелердің жаңалығы