Белгілі саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды

3 Наурыз 2024, 05:10
510
Бөлісу:
Белгілі саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Ұзаққа созылған аурудың салдарынан публицист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы журналист Гүлжан Ерғалиева Facebook желісінде хабарлады.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Бірқатар республикалық газет-журналдардың бас редакторы қызметін атқарған. Төрт кітаптың авторы, жетекші республикалық газет-журналдарда 500-ден астам жарияланымы бар. Қазақстанның құрметті журналисі, «Елге қызмет ету» (2009), «Қазақ драмасы» (2010), т.б. кітаптардың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал кітаптардың авторы.

Өзгелердің жаңалығы