Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

21 Желтоқсан 2022, 09:10
1579
Бөлісу:
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

Бұл туралы Ерлан Саиров әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын- жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын, ағамыздың! – деп жазды Саиров.

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Философия ғылымының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы