Белгілі медиаменеджер Батыр Қазыбаев өмірден өтті

27 Наурыз 2022, 19:32
1965
Бөлісу:
Белгілі медиаменеджер Батыр Қазыбаев өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Tengrinews.kz негізін қалаушы, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев қайтыс болды.

Ол 53 жаста еді. Батыр Қазыбаев белгілі қазақстандық журналист әрі жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың отбасында дүниеге келген. Ол көп жылдар бойы облыстық және республикалық газеттердің редакцияларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болған. Батыр Қазыбаев әкесінің жолын қуып, журналистиканы таңдап, табысты медиаменеджер болды.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан астам уақыт ішінде Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін медиахолдингті, Жұлдыз FM радиостанциясы, Ретро FM Қазақстан, СТВ телеарнасын басқарды, "Жетінші арнаның" негізін қалады.

Сонымен қатар Қазақстандағы алғашқы Tengri FM рок-радиостанциясын, ал кейінірек елдегі алғашқы қазақ тіліндегі Жұлдыз FM толқынын құрды. Ол негізін қалаған The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі Алматының визит картасына айналып қана қоймай, үлкен мәдени жобаға айналды.

BAQ.KZ ұжымы Батыр Қазыбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Өзгелердің жаңалығы