Белгілі ғалым Виктор Зайберт өмірден өтті

20 Сәуір 2022, 09:47
1828
Бөлісу:
Белгілі ғалым Виктор Зайберт өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы Виктор Федорович Зайберт Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында дүниеге келген.

Ол Петропавл педогокикалық институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылыми академиясының корресподенттік мүшесі. 

1969–1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысы аймақтық мұражайда археология бөлімінің ғылыми қызметкері, меңгерушісі, 1976–1977 жылы Петропавл педогокикалық институтында оқытушы, 1977–1979 жылы КСРО ғылым академиясының археология институтында (Мәскеу) аспирант, 1980 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар және шет елдермен байланыс жөнінде проректоры қызметтерін атқарды. 

Зайберттің 90-ға жуық ғылыми мақаласы, 4 монографиясы жарық көрген.

Өзгелердің жаңалығы