Бектенов ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті

26 Наурыз 2024, 17:34
272
Бөлісу:
Бектенов ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті
PHOTO
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚР-ҚХР сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы экспорттаушылардың екінші форумына қатысу үшін Астанаға келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметке сілтеме жасап.

Келіссөз барысында Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $31,5 млрд болды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы еліміздің төрт облысымен шектеседі.

ҚХР-дың жалпы тауар айналымының 64%-дан астамы немесе $20,3 млрд-ы автономиялық ауданның үлесіне тиесілі. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың нығайып жатқанын атап өтті.

Бектенов ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті

• 2005 жылдан бастап ҚХР-дан инвестициялардың жалпы ағыны $25 млрд-қа жуықтады.

• Өткен жылдың 9 айында тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 37%-ға өсті.

• Бүгінгі таңда 45 екіжақты жобадан тұратын тізімнің жалпы инвестициясы $14,5 млрд-тан астам соманы құрайды.

Арадағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты – жаңа бірлескен өнеркәсіптік жобаларға негізделген, оның ішінде мұнай химиясы және металлургия салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, — деді Олжас Бектенов.

Ол сондай-ақ сауда қатынастарын әртараптандыру әлеуеті зор екенін атап өтті. Келіссөз барысында Олжас Бектенов пен Эркин Тунияз өзара іс-қимылды дамытудың мүмкіндіктері ретінде транзиттік көлік, мәдени және өңіраралық бағыттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және туризм салаларын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы