Бекшин желтоқсанда қанша адам вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

9 Желтоқсан 2020, 16:31
1325
Бөлісу:
Бекшин желтоқсанда қанша адам вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы өткен брифингте Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы қаласы бойынша 9 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұл ҚР өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау кезіндегі жасыл және сары аймақтар арасындағы шекарада болуынан көрінеді. Коронавирустық инфекциямен сырқаттану және басқа да жұқпалы аурулар тәрізді, толқын даму сипатына ие. Осыған байланысты 8 желтоқсанда Алматы қаласы қайтадан сары аймақа кірді, - деді Бекшин.

Ол атағандай, жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекцияның 16 667 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап 1205 анықталмаған пневмония жағдайы тіркелді.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері эпидемияның «екінші толқынының» даму динамикасына тоқталды.

Қыркүйек айында – 165 КВИ жағдайы, қазан айында – 366 КВИ жағдайы, қараша айында – 1399 КВИ жағдайы тіркелді. Қазан айымен салыстырғанда ауру жұқтыру 3,8 есеге өскені байқалады. Тек соңғы жеті күнде КВИ-дің 470 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 42 жағдайы тіркелді, яғни сырқаттанудың 1,1 есе өсуін ескере отырып, болжамды өсім байқалады: 1 аптада – 424 жағдай, 2 аптада  –  466 жағдай, 3 аптада - 512 жағдай, 4 аптада - 563 жағдай, желтоқсан айында 1900 жағдай оптимистік болжам бойынша және 2100 жағдай пессимистік болжам бойынша анықталды, - деп болжам жасады Жандарбек Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы