Бекшин ревакцинацияға қай екпені қолданатынын атады

15 Желтоқсан 2021, 10:09
2373
Бөлісу:
Бекшин ревакцинацияға қай екпені қолданатынын атады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына видеоүндеу жасады.

Бекшин Facebook-те жариялаған бейне-баяндамасында қала тұрғындары тарапынан елімізде салынып жатқан вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, сәуір айынан бері департамент мамандары вакцинаның толық курсынан өткен адамдарға 42-45 күн өткенде коронавирус ауруына қатысты мониторинг жүргізіп келеді.

Қалада ауруға қайта шалдыққандардың жалпы саны 3 239 жағдай. Бұл вакцинаның толық курсын алған 987 мыңнан астам адамның 0,33 пайызы. Вакцинаның толық курсын алған соң Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші мынандай: «Спутник V» – 0,37%, Hayat-Vax – 0,26%, «Синовак» – 0,19%, QazCovid-in (QazVaс) – 0,17%. Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігінде сырқат жеңіл өткен,-деді ол.

Сонымен қатар ол отандық QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында қайта виурс жұқтыру жағдай төмен екенін айтты.

Статистикаға қарасақ, коронавируспен қайта ауырғандар арасында ең төменгі көрсеткіш отандық ғалымдар жасап шыққан QazCovid-in вакцинасын алғандар. Оның үстіне отандық вакцинаны алғандарда екпенің жанама әсері аз болған. Сондай-ақ вакцинаның тиімділігі ұзақ уақытқа жеткені байқалды. Осыған орай дәрігерлер ревакцинацияға QazCovid-in лайықты деген шешімге келді,-деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы