Бекшин: Алматыға сәуір айында 6 мың доза отандық вакцина жеткізіледі

30 Наурыз 2021, 15:50
1647
Бөлісу:
Бекшин: Алматыға сәуір айында 6 мың доза отандық вакцина жеткізіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы легі Алматыға қашан жеткізілетіні туралы айтты.

Оның айтуынша, елімізде өндірілген QazCovid-in вакцинасының алғашқы легін жеткізу сәуір айына жоспарланған. 

Отандық вакцинаның алғашқы легі Алматыға сәуір айында жеткізіледі деп жоспарланған, - деді Бекшин.

Сондай-ақ ол Алматыда коронавирустың бразилиялық және оңтүстік африкалық штамдары анықталғанын және ол өте жылдам тарайтынын айтқан болатын. Осыған байланысты қалада жаппай вакцинациялау жүргізілмек.

Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жаппай вакцина салу үшін Алматыда 250 екпе салатын орын ашылатынын жеткізді. Ол үшін мемлекеттік медициналық ұйымдармен қатар жекеменшік мекемелер де тартылмақ. Сондай-ақ екпе салу жұмысы халық көп жүретін сауда үйлері мен базарда іске асырылмақ.

Вакцина Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бөлінетіндіктен жекеменшік ұйымдар да екпені тегін жасалады. Вакцинаның шығынын үкімет өз мойнына алып отыр, - деді Нариман Табынбаев.
Бұған дейін Бекшин коронавирустың жаңа штамының таралуы екі есе жоғары екенін айтып, халықты сақтануға шақырған болатын.


Өзгелердің жаңалығы