Коронавирустың жаңа штамының таралуы екі есе жоғары – Бекшин

30 Наурыз 2021, 12:57
2973
Бөлісу:
Коронавирустың жаңа штамының таралуы екі есе жоғары – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңадан анықталған штамдар жайлы айтты.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Эпидемиологиялық бағалау бойынша қала «қызыл» аймақта. Оның үстіне қалада мутациядан өткен штамдар таралуда. 

Бұл өзгерістер өткен аптада табылды. Жалпы коронавирустың бразилялық, британиялық және оңтүстікафрикалық штамдарының белгілері бар. Қаладағы екі зертханада зерттеу жүргізу кезінде британиялық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталды. Соған орай қалада шектеу шаралары енгізілді. Қала «қызыл» аймаққа кіргеніне екі аптадан асты, - деді Бекшин. 

Қазір қалада 3 085 ошақ бақылауға алынған. Оның ішінде үй ошағында 4 мыңдай адам медициналық бақылауда және 1233 қала тұрғыны жұмыс істейтін және оқу орны бойынша бақылауға алынған. 

Сондай-ақ бүгінгі таңда 2 759 адам ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте 549 адамнан вирус анықталған. Біздің болжам бойынша жаңа штамдардың инкубациялық мерзімі екі есе аз, ал таралуы екі есе артық. Орташа деңгейдегі аурулардың саны көбейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы