Бекетаев, Біртанов, Мәсімов үшеуі бюджет қаражатын игере алмай жатыр

14 Сәуір 2020, 10:28
1389
Бөлісу:
Бекетаев, Біртанов, Мәсімов үшеуі бюджет қаражатын игере алмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР вице-премьері әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады.

Бірінші тоқсанның қорытындысы игерілмеген ең ірі сомалар Әділет министрлігі (министр - Марат Бекетаев), Денсаулық сақтау министрлігі (министр - Елжан Біртанов) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (төрағасы - Кәрім Мәсімов) қалыптасып отыр. Әкімдіктерден ең көп игерілмеген қаражат Нұр-Сұлтан ( әкім - Алтай Көлгінов) мен Шымкент қалаларында (әкім - Мұрат Әйтенов) және Ақмола (әкім - Ермек Маржықбаев) мен Атырау (әкім - Махамбет Досмұхамбетов) облыстарына тиесілі, – дейді Әлихан Смайылов.
Оның дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 213 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңге орындалмады. 
Биыл өңірлерге 1 трлн 499 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша, бірінші тоқсанда оларға 190,5 млрд теңге бөлінді. 97,1%-ы немесе 184,9 млрд теңгесі игерілді. Орындалмау сомасы 5,6 млрд теңгені құрады. Оның 0,9 млрд теңгесі - бюджет қаражатын үнемдеу, игерілмеу - 4,7 млрд теңге, - деді вице-премьер. 
Жалпы, мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%, республикалық 99,5%, жергілікті бюджеттер 97,7%-ға атқарылған. 
Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 971 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8%-ды, яғни 265 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 15 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 4 млрд теңгесі үнемдеу болды. Ал, игерілмеу сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен 2 есе аз, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы