Ешкімнің аузына қақпақ қойылған жоқ: Бекболат Тілеухан Ұлттық кеңес жайлы

6 Қыркүйек 2019, 14:34
4243
Бөлісу:
Ешкімнің аузына қақпақ қойылған жоқ: Бекболат Тілеухан Ұлттық кеңес жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан алған әсерімен Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бөлісті.

"Жалпы әсеріміз, бұл жерде мемлекет басшысының алдында бұқараның көкейінде жүрген нәрселердің бәрін айтуға мүмкіндік алуымыз. Ел тарихындағы елеулі оқиға болып отыр. Бұл демократиялық қадам дер едім. Сосын айтылмай қалған нәрсе болған жоқ. Ешкімнің аузына қақпақ қойылған жоқ. Әлеуметтің әрбір тобындағы өзінің ойы ерекшеленіп жүргендердің сөз алуы – Ұлттық кеңестің деңгейін ерекшелейтін дүние болды деп ойлаймын", - дейді Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ҚР президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы