Кар-Тел интернет ресурстардағы ақауларға қатысты мәлімдеме жасады

3 Наурыз 2019, 14:30
1766
Бөлісу:
Кар-Тел интернет ресурстардағы ақауларға қатысты мәлімдеме жасады

Астана, BAQ.KZ. «Кар-Тел» ЖШС бірқатар интернет ресурстарына қосылу кезіндегі келеңсіздіктерге қатысты мәлімдеме жасады. 


Ресми мәлімдемеге сәйкес, А.В.Шин мырзаның сауалына берген жауабында «КаР-Тел» ЖШС ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауабын қате түсіндіргенін мойындады. 

«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауабында реттеуші органдардың, әлеуметтік желі әкімшіліктеріне хабарласу арқылы, сот шешімімен тыйым салынған нақты контентті жою жұмыстарын жүргізетіні айтылған. Аталмыш жауапта интернет ресурстарды бұғаттау шаралары туралы айтылмаған. 

Осыған байланысты, «компания бұл шаралар туралы пікір білдірмейді және оларды қолдану туралы қорытынды шығармайды», - деп жазылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы