Байзақтағы оқушының өлімі. Мектеп басшылығына қатысты тергеу басталды

22 Мамыр 2024, 11:12
670
Бөлісу:
Байзақтағы оқушының өлімі. Мектеп басшылығына қатысты тергеу басталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жамбыл облысының прокуратурасы Байзақ ауданының мектебінде қылмысты жасыру фактісі болғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 30 сәуірінде құқық қорғау органдарына Байзақ ауданындағы орта мектептің көшедегі әжетханасында баланың кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бастапқыда сауалнамаға қатысқан адамдар дене шынықтыру сабағынан кейін оқушының ауырып қалғаны туралы куәлік берген, бірақ сот-медициналық сараптама кеуде аймағына қатты соққыдан болатын өлімнің нақты себебін анықтады.

Осыған байланысты аудандық полиция бөлімі мектеп басшылығына қатысты қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл ретте мектептің лауазымды тұлғалары «үйден жанжал шығармау» деген стереотиптік ойлауды басшылыққа алғанын атап өткен жөн. Осыған орай, облыс прокуратурасы бұл тәжірибені жою мақсатында білім беру ұйымдарының қызметін бағалау қағидаттарын қайта қарауды, олардың қоғамға жат және оқушылардың қауіпті әрекеттерін өз бетінше анықтауға ынталандыруды ұсынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы