Байзақова: Мемлекет басшысының реформасы дамудың жаңа моделі 

17 Қаңтар 2022, 15:42
1541
Бөлісу:
Байзақова: Мемлекет басшысының реформасы дамудың жаңа моделі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы ҚБ директоры Сәбира Байзақова білдірді. 

Ел тұрғындары қаңтардағы қасіретті оқиғадан кейін сақтықты, кім болса соған сенбеуді, сондай-ақ түрлі лаңкестік әрекеттерге баратын ұйымдардың жетегінде ермеу керектігін ұғынды. Қайғылы қасірет  қайта қайталанбас үшін әр азамат өзінің жеке басының әдебіне, біліміне мұқият қарау қажет. Елімізде қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін идеологиялық саясатты дамыту қажет. Ал бұл саяси бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз тапсырмаларында нақты атап өтті. Мәселен, Президент өз сөзінде республикадағы ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жетекші шетелдік жоғару оқу орындарының филиалдарын ашу туралы бастама көтерді. Болашақта мұның арқасында студенттер мен жас мамандардың бәсекеге қабылеттілігі мен құштарлығы артары сөзсіз, -деді Сәбира Байзақова. 

Байзақованың айтуынша, ел халқының Қасым-Жомарт Тоқаевпен оның жаңа командасының бастамаларына артар үміті зор.

Жаңа реформаларда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өте білікті де білімді дипломат, оны әлемнің көп елдері де мойындайды. Өздеріңіз көргендей, төтенше жағдай кезінде ел басшысының шұғыл іс-шаралары тиімді нәтиже берді. Қазіргі таңда бәрі тұрақталды. Жолдау үндеулерді қабылдаған шешімдері дамудың жаңа моделін Қазақстанға әкеледі деген сенімдемін, -деді «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы