«Бәйтерек» холдингі мемлекетке 100 млн теңгеге жуық зиян келтірген

18 Қаңтар 2022, 15:22
1515
Бөлісу:
«Бәйтерек» холдингі мемлекетке 100 млн теңгеге жуық зиян келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджет қаражатын және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. 

Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы аудиторлық іс-шара барысында жалпы сомасы 98 961,2 млн теңгеге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерімен салыстырғанда холдингтің еншілес ұйымдарының функциялары мен міндеттерінің қайталануы анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс жасалды - делінген хабарламада.

Онда: 

- Холдинг қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік мүлік сияқты Холдинг активтерін пәрменді басқаруды ұйымдастыру, бөлінетін бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатын пайдалануды бақылау, оларды пайдалану бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау; 

- «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, Қаржы министрлігінің жанындағы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанындағы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еншілес ұйымдары функцияларының қайталануын болдырмау мақсатында жалпыұлттық жоспардың 29-тармағы бойынша талдауды ескере отырып, Холдинг компаниялары тобының трансформациясын жүргізудің орындылығы мәселесін қарау ұсынылды. 

Есеп комитетінің ұсынымдарын орындау үшін 2021 жылғы қарашада елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістерге бағдарланған Холдингтің 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы өзектендірілді. 

Холдингтің еншілес ұйымдарының санын қысқарту мақсатында «QazTech Ventures» АҚ және «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС активтері  жеке қорлар ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-на басқаруға берілді.

 «Мемлекеттік мүлік тізілімі» сайты арқылы бағаны көтеру тәсілімен өткізілген электрондық сауда қорытындылары бойынша «ҚИҚ» АҚ акцияларының жүз пайызын жеке инвестор сатып алды.

Өзгелердің жаңалығы