Албания Президенті Байрам Бегай екіжақты келіссөздер аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Албанияға ресми іссапармен келуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Албания Президенті кездесуде Қазақстанға қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.
Құрметті Президент, біздің алғашқы кездесуіміз диалогтің басталғанын көрсетеді. Біздің өзара ынтымақтастық Қазақстан мен Албания арасындағы байланысты кеңейту мен нығайтуға, елдер арасындағы өзара байланысты ілгерілетуге септігін тигізеді. Қазақстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осы қыркүйекте жаңа серпінге ие болды. Мен сізді Албанияға іссапармен келуге шақырамын. Балқан түбегіндегі елдерді келіп көріңіз, - деді Албания Президенті Байрам Бегай.
Қазақстан мен Албания арасындағы ынтымақтастық 1993 жылы орнатылған. Елдер арасындағы екіжақты сауда-саттық 1995 жылы басталды.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Албания астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынғанын жазған болатынбыз.