Бұл туралы "Біздің ел — біздің сайлау" onlinе марафон барысында ұйымдастырылған Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Партиялық емес байқау орталығы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін біздің байқаушылар ауқымды жұмыс атқарды деп айта аламын. Жұмыс әлі біткен жоқ, жалғасуда. Қазір барлық өңірлерімізде барлық сайлау учаскелері жабылды. Бұл жерде айта кетерлігі, байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген барлық азаматқа үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, – деп ағынан жарылды бірлестік төрағасы.
Сонымен қатар ол байқаушылардың саяси оқиғаны өткізуге сіңірген еңбегіне тоқталды.
Дауыс санау қай уақытта бітетіні әлі белгісіз. Барлық күш-жігерін жинап, осы науқанды әділ әрі таза өтуіне септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар бізде қазір ауысыммен 22 мыңнан астам сайлау учаскелеріне қатысқаны туралы айтқан болатынмын. 1200-ден астам байқаушымыз үй-жайдан тыс жерге дауыс беруге атсалысты. Жалпы жағдай осындай. Қорытынды ақпараттарды ахуалдық орталық арқылы түйіндеп, талдап, қорытындылауға дайындаламыз, – деді Төлеген Күнәділов.