Байханов жұмыс сапарымен Екібастұзға барды

22 Қаңтар 2023, 13:42
1070
Бөлісу:
Байханов жұмыс сапарымен Екібастұзға барды

Аймақ басшысы № 7 ЖОББМ-де болып, жылу желілерін жөндеу жұмыстарының барысын тексерді және жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылумен жабдықтау параметрлерінің төмендеуіне байланысты тиісті жылу деңгейінсіз қалған көптеген мекемелердің ішінде соңғы уақытқа дейін № 7 мектеп те болды. Жағдайды жақсарту үшін қаңтар айының ортасында М. Жүсіп пен Кеншілер көшелеріндегі жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жылумен жабдықтау параметрлері айтарлықтай жақсарды. Жылу беру 59-дан 65-75 оС-қа дейін өсті, ал, мектептегі температура 17-19-дан 18-23 оС-қа дейін артты.

Асайын Байханов жөндеу жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді және әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Кеншілер, Молодежная және Гридин көшелеріндегі жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі 130-дан астам зақым жойылды, 23-і ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Кеншілер қаласының коммуналдық қызметтерінен бөлек апат орындарында облыс орталығынан келген авариялық бригадалар бар.

Қаланы аралап шыққаннан кейін өңір басшысы жедел штаб отырысын өткізді. Асайын Байханов жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерді абаттандыруды қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. Осыған ұқсас 40-қа жуық учаске әлі күнге дейін ретке келтірілмеген. Облыс әкімі қаңтар айының соңына дейін қала тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жөнделген учаскелердің 80%-ын қайта толтыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Осы талаптар орындалмаған жағдайда коммуналдық қызметшілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы