Байден ленд-лиз актісіне қол қойды

10 Мамыр 2022, 16:14
1554
Бөлісу:
Байден ленд-лиз актісіне қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Джо Байден Украинадағы демократияны қорғау үшін ленд-лиз  туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Құжат АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ пен өзге де әскери құрал-жабдықты жеткізу рәсімін жеңілдетеді.

Мен Украина үкіметінің өз елін қорғау жолындағы ұмтылысына қолдау көрсететін маңызды құжатқа қол қойдым. Осында тұрған Конгресс мүшелері мен заң жобасын қолдағандардың барлығына алғысымды білдіремін. Қазір Украинаға бұл көмек аса қажет, - деді Джо Байден.

Айта кетерлігі, бағдарлама алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германиямен шайқасқан одақтас елдерге көмек беру үшін қолданылған. Бірақ қазіргі жобада бірқатар шектеулер алынып тасталды. Мәселен, Киев жалға алған қару-жарақты 5 жылдан кейін қайтаруға және қираған техниканың шығынын өтеуге міндетті емес. Сонымен қатар президент қандай қаруды жалға беретінін Конгреспен келіспей жібере алады.

Өзгелердің жаңалығы