Байдарка аударылып кеткен: Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды судан шығарып, бөлімшеге жеткізді.

 ТЖМ баспасөз қызметі Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
150
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласында Усолька шағынауданы маңында патрульдеу жүргізген құтқарушылар Ертіс өзені бойында төтенше жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға байдарканың аударылуы салдарынан болған. Соның салдарынан әкесі мен баласы суға түсіп кеткен. Бақытымызға қарай, екеуі де құтқару кеудешелерін киіп алғандықтан, көмек келгенше су бетінде қалқып тұрған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды судан шығарып, бөлімшеге жеткізді. Суық тиіп қалудың алдын алу үшін зардап шеккендер жылы көрпемен оралып, қажетті жылыту шаралары жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмек қажет болмаған.

Қазақстан ТЖМ су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдалануға шақырады.

Наверх