Баянауылда көл ортасындағы аралда қалып қойған әйел құтқарылды

Құтқарушылар әйел адамды жағаға алып шықты.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 19:52
Бүгiн 2026, 19:52
187
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде жүргізілген профилактикалық рейд кезінде ТЖМ қызметкерлеріне демалушылар көмек сұрап жүгінген.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны резеңке қайықпен көл ортасындағы аралға өткен. Алайда кейін жағаға өздігінен қайтып жүзуге батылы жетпей, аралда қалып қойған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, моторлы қайықпен әйелді жағаға жеткізді.

Оған медициналық көмек қажет болмады. 

Наверх