Баянауылда экшн жанрында фильм түсіріледі

4 Наурыз 2019, 14:00
2690
Бөлісу:
Баянауылда экшн жанрында фильм түсіріледі
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің Баянауыл ауданында «Аға» атты жаңа фильм түсіріледі. Алдағы уақытта экшн жанрындағы отандық өнімге әртістер тобы іріктелмек.

Қазіргі уақытта болашақ картинаның сценарий мен 70 адамнан құралған түсірілім тобы дайын. Жаңа фильмнің режиссері - 32 жастағы Фархат Серкебаев. Басты рөлді еліміздің танымал әншісі Мұрат Бейсенбин сомдайды.

Фильм режиссері, сценарий авторы Фархат Серкебаевтың айтуынша, фильмді түсірудегі басты мақсат - отбасылық құндылықтарды дәріптеумен қатар, әлеуметтік мәселелерді көрерменге жеткізу.

«Өзім - Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының тумасымын. Әд адамға туған жері ыстық қой. Фильмнің бірнеше эпизодын ос ыөлкеде түсіреміз. Жалпы, Павлодар облысында киноға лайықты орындар жетерлік. Бұл - әзірге құпия. Фильм сценарийін жазуға бірнеше жыл кетті», - дейді Фархат Серкебаев.

Баянауылда экшн жанрында фильм түсіріледі

Қазіргі уақытта әртістер тобын іріктеу жұмыстары қолға алынып, рөлдерді сомдауға лайықты азаматтар жергілікті шығармашыл жастар қатарынан таңдалып алынады. Мамандардың айтуынша, киноның түсірілімі бірнеше айдан кейін басталады.

«Жаңа фильмді қаржылай қолдауға жергілікті кәсіпкерлер тартылды. Бұл туындыда біз ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық құндылықтар төңірегінде сөз қозғамақпыз. Жалпы, отандың кино саласында драма, тарихи драма жанрларында фильмдер жетерлік. Десе де, біз экшн жанрын таңдадық, - дейді Фархат Серкебаев.

Павлодар облысында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» тарихи сериалына кастинг өтіп жатыр. Бірнеше күннің ішінде 15-45 жас аралығындағы 500-ден астам тұрғын бақтарын сынаған.

Өзгелердің жаңалығы