Баянауылда құтырма індетінің алты ошағы анықталды

20 Мамыр 2020, 07:38
1733
Бөлісу:
Баянауылда құтырма індетінің алты ошағы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданында құтырманың алты ошағы анықталды. Осы ауданда аталмыш індеттен алты ірі қара мал өлген. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде айтылды.

Аймақтағы құтырма ошағының алтауы да Баянауыл ауданында орналасқан. Бұл ошақтар адам өмірі үшін өте қауіпті. Жабайы аңдардан жұғудан басқа тағы қандай жолдары бар? Бәлкім, малды бақылаусыз бағудың әсері бар шығар. Неліктен жағдай бақылаусыз қалған, - деп облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қауіпті дерттің таралуының негізгі себебін сұрады.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов мұндай жағдайға екі фактор әсер етуі мүмкін екендігін айтты.
Құтырма ошақтарына қатысты эпедемиологиялық ахуалға сараптама жасалды. Бірлік және Қызылтаң ауылдық аймақтарында жабайы аңдардың үлкен популяциясы байқалады. Оның ішінде киіктер де бар. Миграция солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстік бағытқа қарай жүреді. Бұған қоса, биыл қар қалың түсті. Түрлі инфекциялық ауруларды тарату көзі болып табылатын түлкілер мен қарсақтар елді мекендерге жақындай түсті. Бұл аңдарды атуға "Охотзоопром" мекемесі рұқсат бергені дұрыс болар. Екіншіден, аудандағы 215 мың басына құтырмаға қарсы 7 мың вакцина берілді. Мал бағуды дұрыс ұйымдастырмаудың да әсері болуы мүмкін, – деді аудан басшысы Қ.Кәрімов.

Аймақ басшысы сала мамандарына жағдайды терең зерттеуді тапсырды. Сонымен қатар бұл індеттің мал басын кемітудегі шығыны көп екендігін, сондай-ақ адам өміріне де аса қауіпті екендігін айтты.


Өзгелердің жаңалығы