Баянауыл прокуратурасы 1 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады

4 Шілде 2019, 16:28
1975
Бөлісу:
Баянауыл прокуратурасы 1 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданының прокуратурасы Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп, "Майкубен-Вест" ЖШС разрезінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарланды Бас прокуратураның сайтында.

Кездесу барысында кәсіпорынның 4 айдан астам уақыт бойы зейнетақы аударымдарын жүргізбегендігі анықталды. Қызметкерлер аталған жағдай олардың банктерден қарыз алу және тұтынушылық несиелерді рәсімдеу құқығын шектейтіндігін атап өтті.
"Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырулар жүргізу барысында кәсіпорынның 1​ мыңнан астам қызметкеріне міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешектерінің бар екендігі расталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Баянауыл ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысына ұсыну енгізді.Оның қаралу нәтижелері бойынша 114,5 млн теңге мөлшеріндегі берешек толық көлемде өтелді, ал кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген таратылған ақпаратта. 


Өзгелердің жаңалығы