Бауыржан Сыздықов жаңа қызметке ауысты

12 Қыркүйек 2023, 11:17
1192
Бөлісу:
Бауыржан Сыздықов жаңа қызметке ауысты
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған.

2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Сонымен қатар "Командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс" мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, ал 2019 жылы Мәскеу қаласындағы "Синергия" Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін "Құқықтану" магистрін тәмамдаған.

2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,

2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған.

2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Өзгелердің жаңалығы