Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті

Бөлісу:
Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті
Фото: автордан

Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі кинотанушы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде: Қазақстанның мультипликациялық киносы" монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл кітап қазақ анимациясының тарихына арналған. Сондай-ақ, 1984 жылы монография КСРО кинематографистер Одағының сыйлығына ие болған.

Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті

Кітап қазақ анимациясын өнердің жаңа түрі ретінде жан-жақты терең зерттеген алғашқы іргелі еңбек. Бауыржан Нөгербек қазақ анимациясының қалыптасу кезеңінен бастап, даму үдерістері, фильмдер мен көркемдік құбылыстарына талдау жасайды. Сонымен қатар, анимацияның қазақ фольклоры, ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшелігін қайта пайымдаудағы маңызды рөлін ерекше атаған. Бұл басылым анимациялық өнерді зерттеуде, жаңа буын суреткерлері мен зерттеушілерінің шығармашылық ізденістеріне арналған маңызды әрі құнды дереккөз.

Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті

Бауыржан Рамазанұлы Қазақстандағы кәсіби кинотану мектебінің негізін қалаушы. Ол осы бағытта үлкен зерттеулер жасаған бірегей ғалым. Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" еңбегі алғаш рет 1984 жылы басылып шықты. Әмен Қайдаровтың "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" анимациялық фильмінен бастап барлық қазақ анимациясы терең зерттелген еңбек. Ол кітаптың шыққанына 40 жыл болды. Сол уақыттан бері мультипликация саласында мұндай үлкен еңбек жарық көрген жоқ, Жекелеген мақалалар, рицензиялар бар, бірақ мұндай ауқымды еңбек жоқ. Мұнда қазақ фольклорі мен қазақ анимациясы арасындағы байланыс пен қазақ ұлттық анимациялық киносының келбеті қандай болу керек екендегі айтылған. Кітап Алматыдағы баспадан шықты, - деді кинотанушы, ғалым Назира Мұқышева.

Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті

Қайта басылымның жауапты редакторы және алғысөз авторы – кинотанушы, философия докторы (PhD) Б.Б. Нөгербек. Монография 1984 жылы "Өнер" баспасынан шыққан түпнұсқасы негізінде қайта жарық көрді.

Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті
Бауыржан Нөгербектің "Ертегілерге жан біткенде" кітабының тұсаукесері өтті

 

Өзгелердің жаңалығы