Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды

8 Қыркүйек 2023, 06:07
518
Бөлісу:
Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды
Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Футболшының тізесіндегі шеміршектер мен байламдарына ота жасалған. Отаны мюнхендік дәрігерлер сәтті өткізді. Бауыржан Исламханның жаңа маусымда алаңға шықпайтыны жайлы тамыздың аяғында айтыла бастады. Тәжірибелі ойыншы тізесіндегі жарақатына байланысты қатардан шығып қалған болатын.

Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасы мен шымкенттік "Ордабасы" клубының ойыншысы.

Өзгелердің жаңалығы