Бауыржан Исламхан «Қайрат» қатарында жаттығады

27 Желтоқсан 2020, 22:09
2428
Бөлісу:
Бауыржан Исламхан «Қайрат» қатарында жаттығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Қайрат» сапында жаттығады. 

Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-дағы парақшасында жазды.

Баторидің (ред - Бауыржан Исламханның) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Исламхан допинг қолданғанына байланысты футболдан шеттетілу ісі бойынша CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді, - деп жазды Қожахмет.

Айта кетейік, 24 желтоқсанда Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы