Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілді

24 Желтоқсан 2020, 18:35
3120
Бөлісу:
Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы телеграмдағы Kozhakhmet_inside каналы жазды.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Азия Чемпиондар лигасының ойынынан кейін допинг-тест тапсырдық. Менің қанымнан метилгексанамин препараты табылды. Бұған қатты таңқалдым. Спорттық карьерамда ешқашан допинг қолданған емеспін. Мен үшін күтпеген жағдай. Метилгексанамин препаратын көбінесе бұлшық етін шығару үшін бодибилдирлер қолданады, - дейді Исламхан Қожахметтің телеграм каналына берген сұхбатында.

Ол бұл препарат ластанған өнім ретінде спорттық тамақтануда жиі кездесетінін де айтқан.

Мен дәл осындай жағдайға тап болғаныма сенімдімін. 11 қыркүйектен бастап, екі аптаға жуық Катарда командамен бірге болдым Онда біз қонақүйден шыға алмадық және қатаң карантиндік жағдайда өмір сүрдік. Тыйым салынған заттарды айтпағанда, тіпті тамақ пен сусын сатып алуға мүмкіндік болмады. Мен тек қонақ үйде тамақтанғанмым. Жақында АФК Тәртіптік комитетінен менің ісім бойынша шешім шықты. 10 сағатқа созылған отырыста АФК өкілдері мені 4 жылға дисквалификациялауды талап етті. Бірақ соңында 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылдады, - дейді футболшы.

Өзгелердің жаңалығы