Бауыржан Байбек Ақмола облысында азаматтарды жеке қабылдады

20 Желтоқсан 2020, 19:43
1744
Бөлісу:
Бауыржан Байбек Ақмола облысында азаматтарды жеке қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысына сапар барысында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады.

Мәселен, қабылдауда болған Бұланды ауылының тұрғыны Резида Абдрахманова ауылдағы апатты жағдайда тұрған жалғыз мектепті жөндеу жөнінде өтініш білдірді. Ал Аршалы ауылынан келген Нұрмұханбет Қасымхан өз ауылдастарының мәдениет үйін салу туралы өтінішін жеткізді.

Көкшетау тұрғыны Шияп Алиев қаланы газдандыру мәселесін көтерді. Арайлы ауылының тұрғыны Жансая Айтбаева ауылдағы барлық көшені сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды өтінді. Осында айтылған барлық мәселе, аманаттар мен ұсыныстар партиялық бақылауға алынады.


Өзгелердің жаңалығы