Бауыржан Байбек #Abai175 челленджін қолдады

24 Шілде 2019, 20:29
2646
Бөлісу:
Бауыржан Байбек #Abai175 челленджін қолдады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жалғастырды.

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай данышпан шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын халқымыздың күміс көмей, жез таңдай әншісі Мөлдір Әуелбековадан қабылдап, Абай шығармаларынан үзінді оқымақпын.Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр. Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте.Осыған орай менің таңдауым хәкім Абайдың «Сәулең болса кеудеңде» өлеңіне түсті», - деп жазады Бауыржан Байбек Instagram парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы