Батыста бұрқасын мен тұман болады

25 Желтоқсан 2021, 09:00
1130
Бөлісу:
Батыста бұрқасын мен тұман болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 25-ші желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Антициклон жотасы Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен қар мен жаңбыр түріндегі  жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, желдің күшеюі, батыста жаяу бұрқасынмен күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Қызыолрда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, тұман, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында тұман, Алакөл маңында жел 17-22 м/с күтіледі. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Қостай облысының батысында тұман, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар облысының жолдарында көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы