Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде 4 көлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 9 шілдеде болған.
Заводская көшесіндегі "Восход" ЖШС аумағында 20 шаршы метр алаңда автокөлік бөлшектері бар металл контейнер жанып кетті. Салдарынан 2 ПАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Тағы екі көлік зардап шекті, - дейді ведомство.
Өрт таңғы 04:00 шамасында толық сөндірілді.