Батыс Қазақстанда өзендердегі су деңгейі бақылауға алынды

12 Наурыз 2023, 19:16
841
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда өзендердегі су деңгейі бақылауға алынды
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Т. Балтаев бастаған топ Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі – 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі – 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 суды құраған. 

Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында қарды шығару жұмыстары жүргізілді. Тәулігіне – 8338 м3 қар (барлығы - 319915 м3 қар).  535 ойық бұрғыланды, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

Өзгелердің жаңалығы