Батыс Қазақстанда колледж студенттері бопсалау күдігімен ұсталды

7 Желтоқсан 2024, 09:09
330
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда колледж студенттері бопсалау күдігімен ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері колледждердің бірінің екі студентін бопсалау дерегі бойынша ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш көрсету және қорқыту арқылы ақша талап еткен.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.  

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Кінәлілер анықталған жағдайда заң аясында жауапқа тартылады.

Өзгелердің жаңалығы