Батыс Қазақстанда ірі есірткі схемасы әшкереленді: 11 күдікті анықталды

Жалпы 11 күдікті белгілі болып, олардың алтауы қамауға алынды.

 Polisia.kz Кеше 2026, 22:24
Кеше 2026, 22:24
128
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция, ҰҚК департаменті және прокуратура қызметкерлері бірлесіп, күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, топ өз қызметін заңды фармацевтикалық жұмыс ретінде көрсетіп, жасырын түрде психоактивті және тәуелділік тудыратын дәрілерді таратқан. Бұл құбылыс өңірде «дәріханалық нашақорлықтың» таралуына себеп болған. Негізгі тұтынушылар — 18–25 жас аралығындағы жастар.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік препараттар, есірткі заттары, оқ-дәрілер және қомақты ақша тәркіленді. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру деректері анықталды.

Жалпы 11 күдікті белгілі болып, олардың алтауы қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топтың айналымы шамамен 1 млрд теңгені құраған. Күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде жылжымайтын нысандар мен қымбат көліктерге тыйым салынды.

Құзырлы органдар бұл операция көлеңкелі есірткі нарығына елеулі соққы болғанын атап өтті. Тергеу жалғасып жатыр.

Наверх