Батыс Қазақстанда 10 елді мекенді су басуы мүмкін

11 Наурыз 2023, 14:32
811
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 10 елді мекенді су басуы мүмкін
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы «Дерқұл-Тасқала» гидробекетінде 11 наурыз күні таңертең Дерқұл өзеніндегі су деңгейі 544 см құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, тек бір тәулік ішінде судың деңгейі 158 см-ге көтерілді. Шежін-2 ауылында Шежін-2 өзеніндегі су деңгейі 799 см құрайды.

Тасқала ауданының 2 елді мекені және Бәйтерек ауданындағы 8 елді мекен ықтимал су басу аймағында тұр.

Жергілікті жерлерде әкімдіктер мен ТЖД қатарынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрақты негізде су айдындарына мониторинг жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Т. Балтаевтың басшылығымен облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткізілді.

Жағдай күрделенген кезге ТЖД құтқару бөлімшелері мен техникасы Тасқала ауданының Тасқала кентіне және Бәйтерек ауданының Зеленое кентіне (Шежін-2 кентінің жанында) жеткізілді, халықты хабардар ету жүргізілді.

Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданының аумағын Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау жүргізу жоспарлануда.

Ауа температурасы күндіз 2- ден 8 градусқа дейін жылы, түнде 0-ден 5-ке дейін аяз. Дерқұл өзеніндегі мұздың қалыңдығы – 90 см.

Топырақтың қатуы 115 см құрайды, қар тез еріген жағдайда қар суының жерге сіңіп үлгермеу қаупі бар.

11 наурыздағы таңертеңгі жағдай бойынша әртүрлі нысандардың жертөлелерін су басудың 10 фактісі тіркелді. Орал қаласының жеке үйлерінің үй маңындағы аумақтарын су басудың 13 фактісі бар. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, малдар қауіпсіз аймаққа айдалды.

Өзгелердің жаңалығы