Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді

13 Қыркүйек 2022, 19:20
1572
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді
PHOTO

 «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында аймақтың 94 елдімекенін қамтитын 350 шақырымнан астам автокөлік жолын жөндеу жоспарланған,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 мың шақырымды құрайды. Оның 39 пайызы нормативті жағдайда.   

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді

Жалпы 2022 жылдың алғашқы 8 айының қорытындысы бойынша өңірдегі 140 шақырымнан астам жол желісі жөндеуден өткізілген. Биылғы құрылыс маусымында жол жөндеу жұмыстарын 12 мердігер мекеме жүргізуде. Сондай-ақ 10 техникалық қадағалау ұйымы тартылып отыр.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді

Қазіргі күнде «Барбастау – Ақжайық – Индер», «Алға – Жалпақтал – Жұлдыз – Қарасу» бағыттарындағы автокөлік жолдарын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама даярлануда. Жөндеу жұмыстарының аясында «Чапаев – Жанғалай – Сайқын» жол желісінің 267-337 шақырымын жөндеу де қамтылмақ.

Аталған жобаларды жүзеге асыруға 28 мың тонна битум қажет. Аймақта 18 асфальтбетон мен 2 бетон зауыты іске қосылып, 6 темір жол тұйығы пайдалануға берілген.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді

Айта кетерлігі, жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен онда қолданылатын құрылыс материалдары Жол активтері сапасының ұлттық орталығы зертханасында арнайы сараптамадан өткізіледі. Бұл орталық биыл 80 жол жөндеу нысанындағы жұмыстарға тексеру-талдау жүргізген. Нәтижесінде 60-тан астам бұзушылық анықталған. Сонымен қатар 510 зертханалық сынама жүргізіліп, талапқа қайшы бірқатар кемшіліктер айқындалған. Анықталған фактілер бойынша жауапты мердігерлерге кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша нұсқаулықтар берілді.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 140 шақырымнан астам жол жөнделді

Жалпы алғанда, жоғарыда атап өткен жол жөндеу жұмыстарының аясында өңірдегі жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының нормативті жағдайын 50 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы