Батыс Қазақстанда 11 жастағы бала асылып қалды

20 Ақпан 2021, 17:03
1972
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 11 жастағы бала асылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 жастағы ұл бала үйде ешкім жоқ кезде өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Мой Город.

Қайғылы оқиға екі күн бұрын болған, бірақ ол туралы ақпарат бүгін ғана тарады. 

Белгілі болғандай, жасөспірім үйінде үш баланың үлкені болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу», яғни 105-бап бойынша тергеу басталды, - деп мәлімдеді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы болғанын айтты.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Айта кетейік, әкімдік тарапынан отбасыға тиісті көмек көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы