Батыс Қазақстан және Волгоград облыстарының іскерлік клубы құрылды

27 Мамыр 2021, 05:29
795
Бөлісу:
Батыс Қазақстан және Волгоград облыстарының іскерлік клубы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Волгоград сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы арасында іскерлік клуб құру туралы келісімге қашықтан қол қою рәсімі Батыс Қазақстан облысы мен Волгоград облысының халықаралық қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде өтті. 

Отырысты БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Волгоград облысы губернаторының орынбасары Анна Писемская жүргізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Тараптар атап өткендей, аталған клубтың жұмысы шекаралас облыстардың экономикасын дамытуға серпін береді.

Отырыс барысында екі шекаралас облыстың аумағындағы киіктердің санын реттеуге уағдаласты. Сондай-ақ, Засура кенті мен Венгеровка кенті арасындағы ұзындығы 75 км ВЛ-110 КВа жоғары вольтты желісінің құрылысы, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытындағы мәселелер талқыланды.

Мұхтар Манкеев атап өткендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Батыс Қазақстан облысының Волгоград облысымен сыртқы сауда айналымы 1,7 млн, АҚШ долларын құрады (экспорт-60,0 мың АҚШ доллары, импорт – 1,7 млн. АҚШ доллары), Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымының жыл сайын 10%-ға өсуі байқалады, бұл шекара маңындағы өңірлерді дамыту үшін қосымша серпін болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы